Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год

Қаулы · № 252 · қабылданған 22.09.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-83588/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год Қолданыста Қаулы ·№ 252 ·22.09.2014
22.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год

Қолданыста Қаулы ·№ 252 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год
Атауы (қаз.)
2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
252
Қабылданған күні
22.09.2014
Қолданысқа енгізілген күні
25.10.2014
Көрсетілген редакция
22.09.2014 83588_133362.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14G0002344
ЭКБ идентификаторы
83588
Редакция идентификаторы
83588_133362
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:32

0 2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2.

«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1)

осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2)

осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3)

осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3.

Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.

4 4.

Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
29.09.2014 жыл

8 2014 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға)

Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 252 қаулысына қосымша
2014 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға)

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
1 гектарға (тонна) бюджеттік субсидия нормалары, теңге
1
Дәнді масақты дақылдар, оның ішінде:
жаздық арпа
1 500
күздік бидай
400
2
Дәндік жүгері
16 000
3
Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы
60 000
4
Сүрлемдік жүгері және сүрлемдік күнбағыс
6 000
5
Таза егілген бір жылдық және көп жылдық шөп
5 000
6
Суармалы түрде көп жылдық шөптерді, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақты шөптерді және шабындық және (немесе) жайлымдық жерге шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді өсіргенде
5 000
7
2, 3 жылғы көп жылдық шөп
800
8
Қант қызылшасы 1 гектарға
30 000
9
Қант қызылшасы 1 тоннаға
1 500
10
Ашық топырақтағы көкөніс-бақша дақылдары
5 000
11
Көкөніс-бақша дақылдары, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолану арқылы
90 000
12
Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай) *
3 700 000
13
Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай) *
4 000 000
14
Картоп
15 000
15
Қытай бұршағы
15 000
16
Қытай бұршағы, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы
60 000
17
Майлы дақылдар, қытай бұршағын қоспағанда
5 000
18
Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы
50 000
19
Қант қызылшасы 1 тонаға, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы
1 250
* 1 дақыл айналым нормалары

Қолданыстағы