О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Майского района на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Майского района на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- Май ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және аргоөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16/40
- Қабылданған күні
- 29.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2014 83756_162354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PJ004126
- ЭКБ идентификаторы
- 83756
- Редакция идентификаторы
- 83756_162354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:26
0 Май ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және аргоөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Май ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы жетпіс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
2
2. Май ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берiлсiн.
3
3. Май аудандық мәслихатының (V сайланған XIII сессиясы) 2013 жылғы 28 ақпандағы № 2/13 «Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 14 наурызда № 3482 болып тіркелген, аудандық «Шамшырақ» газетінің 2013 жылғы 30 наурыздағы № 13 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.