Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 год по приоритетным проектам "Рельсобалочный завод", "Строительство цементного завода" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Рельсобалочный завод"

Қаулы · № 1125 · қабылданған 22.10.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-ekb-83826/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 год по приоритетным проектам "Рельсобалочный завод", "Строительство цементного завода" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Рельсобалочный завод" Қолданыста Қаулы ·№ 1125 ·22.10.2014
22.10.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 год по приоритетным проектам "Рельсобалочный завод", "Строительство цементного завода" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Рельсобалочный завод"

Қолданыста Қаулы ·№ 1125 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 год по приоритетным проектам "Рельсобалочный завод", "Строительство цементного завода" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Рельсобалочный завод"
Атауы (қаз.)
"Рельс-арқалық зауыты", "Цемент зауытын салу" басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу және "Рельс-арқалық зауыты" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1125
Қабылданған күні
22.10.2014
Көрсетілген редакция
22.10.2014 AI83826_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001125
ЭКБ идентификаторы
83826
Редакция идентификаторы
AI83826_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:14

0 "Рельс-арқалық зауыты", "Цемент зауытын салу" басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу және "Рельс-арқалық зауыты" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Рельс-арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған «Рельс-арқалық зауыты» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 «Рельс-арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 22 қа­зан­да­ғы
№1125 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
«Рельс-арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар
Р/с

Жо­ба­ның
ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші
Іс­ке асы­ру ор­ны
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Кво­та (адам)
1
2
3
4
5
6
1.
Рельс- ар­қа­лық за­уы­ты
«Ақ­тө­бе рельс –ар­қа­лық за­уы­ты» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Ақ­тө­бе об­лы­сы, Ақ­тө­бе қа­ла­сы
2012 – 2014 ж.ж.
35
2.
Це­мент за­уы­тын са­лу
«Көк­ше-Це­мент» ӨБ» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Ақ­мо­ла об­лы­сы, Ең­бек­шіл­дер ауда­ны, За­озер­ное ауы­лы
2005 – 2014 ж.ж.
18

5 «Рельс-арқалық зауыты» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельс - арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 22 қа­зан­да­ғы
№1125 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
«Рельс-арқалық зауыты» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельс - арқалық
зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру шарттары

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).

2 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

3 3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

Қолданыстағы