О ратификации Протокола о продлении срока действия Соглашения о реализации в 2015 – 2016 годах пилотного проекта по введению маркировки товаров контрольными (идентификационными) знаками по товарной позиции «Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия, из натурального меха» от 8 сентября 2015 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о продлении срока действия Соглашения о реализации в 2015 – 2016 годах пилотного проекта по введению маркировки товаров контрольными (идентификационными) знаками по товарной позиции «Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия, из натурального меха» от 8 сентября 2015 года
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72-VI
- Қабылданған күні
- 13.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2017 112736_206685.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1700000072
- ЭКБ идентификаторы
- 112736
- Редакция идентификаторы
- 112736_206685
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:48
0
2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы
2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі 2016 жылғы 23 қарашада Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі
ХАТТАМА
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1
2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтар мен 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығына ұзартылсын.
2 Осы Хаттама 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады және осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекет үшін осы Хаттама осындай мүше мемлекет осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындаған күннен бастап қолданылады.
2016 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасы Республикасы Республикасы Республикасы Федерациясы
Үшін Үшін Үшін Үшін Үшін
Осымен 2016 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылған "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттама осы аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Армения Республикасы Үкіметі үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі К.В. Карапетян;
Беларусь Республикасы Үкіметі үшін - Беларусь Республикасы Премьер-Министрі А.В. Кобяков;
Қазақстан Республикасы Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин;
Қырғыз Республикасы Үкіметі үшін - Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Ш.Жээнбеков;
Ресей Федерациясы Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасы Д.А. Медведев;
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссиясында сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы
Құқықтық департаментінің директоры
В.И. Тараскин
Осымен 2016 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылған "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттама осы аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Құжат айналымы
департаментінің директоры
Е. Нүсіпақынов