Құжат мәтініне өту

О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях

Бұйрық · № 364 · қабылданған 08.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-2016-ekb-91412/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях Қолданыста Бұйрық ·№ 364 ·08.06.2015
08.06.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях

Қолданыста Бұйрық ·№ 364 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях
Атауы (қаз.)
Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 - 2016 оқу жылының басталуы туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
364
Қабылданған күні
08.06.2015
Көрсетілген редакция
08.06.2015 91412_60338.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011548
ЭКБ идентификаторы
91412
Редакция идентификаторы
91412_60338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:43

0 Жалпы білім беретін оқу

орындарында 2015 - 2016 оқу
жылының басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 - 2016 оқу жылының басталу мерзімі 2015 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1 1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2015 жылғы 30 желтоқсан – 2016 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда);

2 2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2015 жылғы 28 желтоқсан – 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2016 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3 3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2016 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

2 2. 2015 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілсін.

3 3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы