Кіру
Құжат мәтініне өту

О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях

Бұйрық · № 364 · қабылданған 08.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-2016-ekb-91412/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях Қолданыста Бұйрық ·№ 364 ·08.06.2015
08.06.2015 редакциясы
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях

Қолданыста Бұйрық ·№ 364 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О начале 2015 - 2016 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях
Атауы (қаз.)
Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 - 2016 оқу жылының басталуы туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
364
Қабылданған күні
08.06.2015
Көрсетілген редакция
08.06.2015 91412_60338.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011548
ЭКБ идентификаторы
91412
Редакция идентификаторы
91412_60338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:43

0 Жалпы білім беретін оқу

орындарында 2015 - 2016 оқу
жылының басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 - 2016 оқу жылының басталу мерзімі 2015 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2015 жылғы 30 желтоқсан – 2016 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2015 жылғы 28 желтоқсан – 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2016 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2016 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

2. 2015 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілсін.

3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы