Құжат мәтініне өту

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2015-2016 учебный год

Бұйрық · № 587 · қабылданған 15.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-2016-ekb-92026/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2015-2016 учебный год Қолданыста Бұйрық ·№ 587 ·15.07.2015
14.08.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2015-2016 учебный год

Қолданыста Бұйрық ·№ 587 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2015-2016 учебный год
Атауы (қаз.)
Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
587
Қабылданған күні
15.07.2015
Көрсетілген редакция
14.08.2015 92026_42891.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011731
ЭКБ идентификаторы
92026
Редакция идентификаторы
92026_42891
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:06

0 Техникалық және

кәсіптік білімі бар мамандарды
даярлауға 2015-2016 оқу
жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

4 4.  Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

9 Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 587 бұйрығына
қосымша
Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с№
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Бөлінген орындардың саны
Мамандықтардың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1
2
3
4
5
1.
Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі
911, оның ішінде қазақ тілінде 497 білім алушы
Емдеу ісі
97, оның ішінде қазақ тілінде 74 білім алушы, Ауғанстаннан келген 8 тыңдаушы
Мейіргер ісі
417, оның ішінде қазақ тілінде 201 білім алушы,
оның ішінде - 30 «Массажист» біліктілігімен, оның ішінде 175, оның ішінде қазақ тілінде 100 білім алушы, «Массажист» біліктілігімен орыс тілінде 16 білім алушы жаңадан қабылдау
Ортопедиялық стоматология
қазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
Зертханалық диагностика
248, оның ішінде қазақ тілінде 124 білім алушы,
оның ішінде жаңадан қабылдау: 75, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы
Фармация
орыс тілінде 51 білім алушы, оның ішінде орыс тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
Гигиена және эпидемиология
қазақ тілінде 48 білім алушы
2.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
қазақ тілінде 299 білім алушы
Емдеу ісі
қазақ тілінде 150 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы жаңадан қабылдау
Фармация
қазақ тілінде 99 білім алушы, оның ішінде
қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
Мейіргер ісі
қазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
3.
«Эмили» медициналық орталығы
54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушы
Мейіргер ісі
54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушы
4.
Қарағанды қаласының медициналық колледжі
73, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы
Мейіргер ісі
48, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы
Емдеу ісі
қазақ тілінде 25 білім алушы

Қолданыстағы