О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2015-2016 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2015-2016 учебный год
- Атауы (қаз.)
- Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 588
- Қабылданған күні
- 15.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2015 92029_34841.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011732
- ЭКБ идентификаторы
- 92029
- Редакция идентификаторы
- 92029_34841
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:07
0 Жоғары медициналық және
фармацевтикалық білімі бар
мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу
жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының
1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға
2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
9 Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 15 шілдедегі № 588
бұйрығына қосымша
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с№
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Мамандықтың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1
2
4
5
1.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Жалпы медицина
545, оның ішінде 385 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология
20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс
5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар
2.
Астана медицина университеті
Жалпы медицина
450, оның ішінде 325 қазақ тілінде білім алушылар
3.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Жалпы медицина
500, оның ішінде 250 қазақ тілінде білім алушылар
4.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Фармация
70, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
40, оның ішінде, 30 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс
40 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
30 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы
1730 орын
Ескертпе: Қосымша 1270 орын мәлімденген мамандықтар бойынша медициналық кадрлар даярлайтын, осы қосымшада көрсетілгендерден басқа жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылатын болады.