Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015-2016 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015-2016 годы
- Атауы (қаз.)
- 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1765
- Қабылданған күні
- 17.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2016 105876_114560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16UA003841
- ЭКБ идентификаторы
- 105876
- Редакция идентификаторы
- 105876_114560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:02
0 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығының 10 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбайға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 20 қыркүйегінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4 Шымкент қаласы әкімдігінің
17 тамыз 2016 жылғы
№1765 қаулысымен бекітілген
Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері
№
Дақылтүрі
Егістіктің оңтайлы мерзімдері
Ескертпе
басталуы
аяқталуы
1
Күздік бидай
20.09.2015
20.11.2015
Тәлімі және суармалы жер
2
Жоңышқа
10.03.2016
10.04.2016
Тәлімі және суармалы жер
3
Көкөніс
10.03.2016
20.05.2016
Суармалы жер