Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2015 – 2017 годы), относящихся к республиканской собственности

Бұйрық · № 553 · қабылданған 21.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-2017-ekb-93192/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2015 – 2017 годы), относящихся к республиканской собственности Қолданыста Бұйрық ·№ 553 ·21.07.2015
21.07.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2015 – 2017 годы), относящихся к республиканской собственности

Қолданыста Бұйрық ·№ 553 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2015 – 2017 годы), относящихся к республиканской собственности
Атауы (қаз.)
Республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2015 – 2017 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
553
Қабылданған күні
21.07.2015
Көрсетілген редакция
21.07.2015 93192_46715.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011911
ЭКБ идентификаторы
93192
Редакция идентификаторы
93192_46715
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:01

0 Республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2015 – 2017 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2015 – 2017 жылдарға) арналған концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.

2

2. «Орта мерзімді кезеңге (2014 – 2016 жылдарға) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 156 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9540 болып тіркелген).

3 3. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 20 шілде

0 Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілде
№ 553 бұйрығымен
бекітілген
Республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге
(2015 – 2017 жылдарға) концессияға ұсынылатын
объектілердің тізбесі
Р/с №
Атауы
1
2
1. Реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi
2. Құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер
1.
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

Қолданыстағы