Құжат мәтініне өту

Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2015 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года

Қаулы · № 68 · қабылданған 18.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-2020-ekb-86904/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2015 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года Қолданыста Қаулы ·№ 68 ·18.02.2015
22.04.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2015 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года

Қолданыста Қаулы ·№ 68 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2015 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года
Атауы (қаз.)
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68
Қабылданған күні
18.02.2015
Көрсетілген редакция
22.04.2015 86904_Some(109379).kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000068
ЭКБ идентификаторы
86904
Редакция идентификаторы
86904_Some(109379)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:37

0 Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуын;

2 2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 68 қаулысымен
бекітілген
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 2015 жылға кредит беру шарттары

1 1. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар

белгіленеді:

1

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – қарыз алушылар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

2 2) қарыз алушыларға 40848351000 (қырық миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасындағы кредиттер:

30000000000 (отыз миллиард) теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлер салуға 1 (бір) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 2016 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей қайтарылуымен;
10848351000 (он миллиард сегіз жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу бір мың) теңге сомасында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға және (немесе) салуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;

3 3) бөлінген кредиттерді игеру кезеңі:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер есебінен бөлінген кредиттер бойынша – кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 29 ақпанда аяқталады;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бөлінген кредиттер бойынша – кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2016 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша

шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік
шартта белгіленеді.

Қолданыстағы