Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на селе на 2015 год в рамках Дорожной карты занятости 2020
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на селе на 2015 год в рамках Дорожной карты занятости 2020
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 09.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2015 88449_Some(109375).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000207
- ЭКБ идентификаторы
- 88449
- Редакция идентификаторы
- 88449_Some(109375)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:32
0 Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің
2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттары бекітілсін.
2 2. Тиісті мәслихаттар 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2 2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4 4. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2015 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 207 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің
2015 жылға арналған шарттары
1 1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1
1) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2015 жылға «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысында көзделген 10346043000 (он миллиард үш жүз қырық алты миллион қырық үш мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 (бес) жыл мерзімге беріледі;