Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на селе на 2015 год в рамках Дорожной карты занятости 2020
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на селе на 2015 год в рамках Дорожной карты занятости 2020
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 09.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2015 88449_Some(109375).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000207
- ЭКБ идентификаторы
- 88449
- Редакция идентификаторы
- 88449_Some(109375)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:32
0 Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің
2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттары бекітілсін.
2. Тиісті мәслихаттар 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2015 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 207 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің
2015 жылға арналған шарттары
1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2015 жылға «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысында көзделген 10346043000 (он миллиард үш жүз қырық алты миллион қырық үш мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 (бес) жыл мерзімге беріледі;