Об организации и обеспечении на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан Республики Казахстан мужского пола с января по март 2015 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан Республики Казахстан мужского пола с января по март 2015 года
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 10.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2014 84337_136518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SC002984
- ЭКБ идентификаторы
- 84337
- Редакция идентификаторы
- 84337_136518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:21
0 2015 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. 2015 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Науановаға жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________М.Асқаров