О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Ауданда 2015 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42/02
- Қабылданған күні
- 07.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 AI84518_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KK002824
- ЭКБ идентификаторы
- 84518
- Редакция идентификаторы
- AI84518_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:02
0 Ауданда 2015 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Бұқар жырау ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі келесі жұмыссыз азаматтардың санаттарымен анықталсын:
1 1)
дәрігерлік-консультациялық комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалар;
2 2)
50-ден асқан әйелдер;
3 3)
55-тен асқан ерлер;
4 4)
ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
5 5)
отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
6 6)
29 жасқа дейінгі жастарды қоса алғанда.
2 2.
Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
1 1)
зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ұзартылсын;
2 2)
зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалардан басқа, мүгедектердің, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалардың қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін.
3 3.
«Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
4 4.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы Құсайынға жүктелсін.
5 5.
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.