Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қаулы · № 2034 · қабылданған 05.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-84816/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2015 году Қолданыста Қаулы ·№ 2034 ·05.11.2014
05.11.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қолданыста Қаулы ·№ 2034 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2034
Қабылданған күні
05.11.2014
Көрсетілген редакция
05.11.2014 84816_126702.kaz
Соңғы өзгеріс
05.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NB005181
ЭКБ идентификаторы
84816
Редакция идентификаторы
84816_126702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:03

0 2015 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7–баптарына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттағылар 2015 жылы халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата–аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші–заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші–жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;

15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

16 16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;

17 17) егер оларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары М.Ә. Досболовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы