Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2015 году

Қаулы · № 41/01 · қабылданған 24.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-85233/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2015 году Қолданыста Қаулы ·№ 41/01 ·24.11.2014
12.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2015 году

Қолданыста Қаулы ·№ 41/01 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
41/01
Қабылданған күні
24.11.2014
Көрсетілген редакция
12.05.2015 85233_275477.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KI002888
ЭКБ идентификаторы
85233
Редакция идентификаторы
85233_275477
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:51

0 2015 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:

1 1)

табысы аз адамдар;

2 2)

жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3)

балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4)

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5)

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6)

зейнеткерлік жастағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға дейін екі жыл қалған);

7 7)

мүгедектер;

8 8)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9)

бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

9-1 9-1) нашақорлықпен ауыратын адамдар;

10 10)

оралмандар;

11 11)

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12)

жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші –
жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13)

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады;

14 14)

жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

15 15)

ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін адамдар;

16 16)

қырық бес жастан асқан адамдар.

2 2.

«Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

3 3.

Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 31/04 «2014 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2782 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қазандағы № 42 «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4.

Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5.

Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы