Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году

Өзге акт · № 8 · қабылданған 12.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-85274/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году Қолданыста Өзге акт ·№ 8 ·12.12.2014
01.01.2016 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году

Қолданыста Өзге акт ·№ 8 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
12.12.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2016 AI85274_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14CA004113
ЭКБ идентификаторы
85274
Редакция идентификаторы
AI85274_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:34

0 2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде қала әкіміне хабарласын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға және "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Сүндетовке жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қа­ла әкі­мі
Е.Ома­ров

Қолданыстағы