Об организации и обеспечении на территории района Шал акына Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан мужского пола Республики Казахстан с января по март 2015 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении на территории района Шал акына Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан мужского пола Республики Казахстан с января по март 2015 года
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында 2015 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 03.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2014 85275_136530.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SN003020
- ЭКБ идентификаторы
- 85275
- Редакция идентификаторы
- 85275_136530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:43
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында 2015 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 Қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. 2015 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне (келісім бойынша) тіркелу жылына он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Осы шешімінің орындауына бақылау әлеуметтік мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Зина Сапуанқызы Байғаскинаға жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министірлігінің
«Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________ Р.Мұратбеков
3 желтоқсан 2014 жыл