О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников на 2015 год по Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников на 2015 год по Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 302/37
- Қабылданған күні
- 12.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2014 85285_151769.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0004232
- ЭКБ идентификаторы
- 85285
- Редакция идентификаторы
- 85285_151769
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:34
0 Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі «Су кодексінің» 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1.
Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2 2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3.
Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Облыстық мәслихаттың
(V сайланған (ХХХVII cессиясы)
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 302/37 шешімімен бекітілген
Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін
2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Р/с №
Арнайы су пайдалану түрлері
Өлшем
бірлігі
Мөлшерлемелер
теңге
1
2
3
4
1
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер
1000 текше метр
92,07
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер)
1000 текше метр
529,06
3
Ауыл шаруашылығы
1000 текше метр
149,06
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
1000 текше метр
149,06
5
Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
тонна
374,14
6
Су көліктері
1000 тонна шақырым
20,46