Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 439
- Қабылданған күні
- 10.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2015 85576_275120.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZK003749
- ЭКБ идентификаторы
- 85576
- Редакция идентификаторы
- 85576_275120
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:38
0 2015 жылға нысаналы топтарға
жататын адамдардың қосымша
тізбесін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3
3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №381 "2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3373 тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсанда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Тасқала ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (А.Н.Сүлейменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№439 Тасқала ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1 1. Алты айдан жоғары жұмыссыз ретінде уәкілетті органда
тіркелгендер.
2 2. Елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер.
3 3. Елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер.
4 4. Аудан орталығынан тыс елді мекенде тұратындар (әлеуметтік
жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық жұмыстарға).