Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Таскалинском районе на 2015 год

Қаулы · № 437 · қабылданған 10.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-85579/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Таскалинском районе на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 437 ·10.12.2014
24.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Таскалинском районе на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 437 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Таскалинском районе на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға Тасқала ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
437
Қабылданған күні
10.12.2014
Көрсетілген редакция
24.11.2015 85579_274331.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ZK003750
ЭКБ идентификаторы
85579
Редакция идентификаторы
85579_274331
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:38

0 2015 жылға Тасқала ауданында мүгедектер

үшін жұмыс орындарына квота белгілеу
туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы
13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. 2015 жылға Тасқала ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3

3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №69 "2014 жылға Тасқала ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3469 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Тасқала ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (А.Н.Сүлейменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы