Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2015 год

Қаулы · № 867 · қабылданған 08.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-85717/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 867 ·08.12.2014
08.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 867 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
867
Қабылданған күні
08.12.2014
Көрсетілген редакция
08.12.2014 85717_4623.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NN005287
ЭКБ идентификаторы
85717
Редакция идентификаторы
85717_4623
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:39

0 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

14 14) Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыздар ретінде тіркелген лайықты жұмысы жоқ адамдар;

15 15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

16 16) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күңтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы