Об организации оплачиваемых общественных работ на 2015 год
Қолданыста
Қаулы
·№ 424
·
11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работ на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 424
- Қабылданған күні
- 29.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2014 85831_482.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NR005294
- ЭКБ идентификаторы
- 85831
- Редакция идентификаторы
- 85831_482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:13
0 2015 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына сәйкес, сондай-ақ жұмыссыз тұлғалардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) қоса берiлiп отырған 2015 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары;
2) қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi аудандық бюджет қаражаты есебiнен айына ең төменгi айлық жалақының екi мөлшерiнде бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде мыналар:
1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк салық, ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері аудандық бюджеттен өтеледi;
2) жалақыны есептеу және төлеу бойынша екiншi деңгейдегi банк қызметтерi үшiн комиссиялық сыйақы төлеу шығындары шартпен белгiленген мөлшерде аудандық бюджеттен өтеледi деп анықталсын.
3. «Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
4. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 349 «2015 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ