Об определении целевых групп населения в 2015 году
Қолданыста
Қаулы
·№ 423
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 423
- Қабылданған күні
- 29.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2014 85832_651.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NR005300
- ЭКБ идентификаторы
- 85832
- Редакция идентификаторы
- 85832_651
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:12
0 2015 жылға халықтың нысаналы
топтарын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізбесі анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
16 16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;
17 17) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар.
2 2. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 348 «2015 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысы жойылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ