Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қаулы · № 423 · қабылданған 29.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-85832/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2015 году Қолданыста Қаулы ·№ 423 ·29.12.2014
29.12.2014 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қолданыста Қаулы ·№ 423 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
423
Қабылданған күні
29.12.2014
Көрсетілген редакция
29.12.2014 85832_651.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NR005300
ЭКБ идентификаторы
85832
Редакция идентификаторы
85832_651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:12

0 2015 жылға халықтың нысаналы

топтарын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының  14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  5, 7-баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізбесі анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;

15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

16 16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;

17 17) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар.

2 2. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 348 «2015 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысы жойылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ

Қолданыстағы