Об организации общественных работ в Аулиекольском районе в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в Аулиекольском районе в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы Әулиекөл ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 453
- Қабылданған күні
- 15.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2014 85836_9912.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NG005308
- ЭКБ идентификаторы
- 85836
- Редакция идентификаторы
- 85836_9912
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:33
0 2015 жылы Әулиекөл ауданында
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен нақты жағдайлары, ұйымдардың қоса берілген Тізбесі бекітілсін.
2 2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдауда осы қаулыны басшылыққа алсын.
3
3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген еңбекақының ең төменгі 1,3 айлық мөлшерінде төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланбаған күндеріне қосылған құнның салығына және өтемақылық төлемдердің, әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды ескере отырып орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі негізінде қоғамдық жұмыстардың жұмысшыларының еңбегін төлеуге шығындарын өтесін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
«Әулиекөл аудандық орталық
ауруханасы» шаруашылықты
жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
__________________ Шульгин С.В.
«15» декабря 2014 жыл