Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2015 год

Қаулы · № 1192 · қабылданған 29.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-85925/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 1192 ·29.12.2014
19.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1192 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1192
Қабылданған күні
29.12.2014
Көрсетілген редакция
19.05.2015 85925_120215.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14GA002467
ЭКБ идентификаторы
85925
Редакция идентификаторы
85925_120215
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:12

0 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

2 2.«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Маржан Төреқұлқызы Қожаеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

5 Тараз қаласы әкімдігінің «2015 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1192 қаулысына келісім парағы

Тараз қаласы әкімдігінің
2014 жылғы
«29» желтоқсан №1192
қаулысына қосымша
Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Ұйымдардың
атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары
Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржылан
дыру (теңге)
2015 жыл
сұраныс
ұсыныс
1.
Тараз қаласы «Жасыл
Ел-Тараз»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Қаланы санитарлық
тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді
график бойынша
51274
жергілікті бюджет
700
700
2.
Тараз қаласы «Тұрғын үй»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Қаланы санитарлық
тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді
график бойынша
51274
жергілікті бюджет
30
30
3
«Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі
Әскерге шақыру қағаз тарату үшін курьерлік көмек көрсету, көктемде (наурыз, сәуір, мамыр),
күзде (қыркүйек, қазан, қараша)
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді жұмыс кестесі бойынша
51 274 жергілікті бюджет
30
20
4
«Тараз қаласы әкімінің аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді
график бойынша
51274
жергілікті бюджет
20
20
5
Тараз қаласының прокуратурасы
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді
график бойынша
51274
жергілікті бюджет
6
6
6
«Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі
Шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді жұмыс кестесі бойынша
51 274
жергілікті бюджет
20
20
Барлығы
806
796
Тараз қаласы әкімдігінің «2015 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1192 қаулысына келісім парағы
Тараз қаласының прокуроры
____________________Б.Телеу
«___»_____________2014 жыл
Қазақстан Республикасы қорғаныс
министрлігінің «Жамбыл облысы
Тараз қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________Е.Абдуллаев
«___»_____________2014 жыл

Қолданыстағы