О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2015 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/393
- Қабылданған күні
- 23.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2016 AI86012_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KI002924
- ЭКБ идентификаторы
- 86012
- Редакция идентификаторы
- AI86012_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:27
0 Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, (бұдан әрі-Қаулы) Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы өтініш беру кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
2
2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы тұрғын үй құрылысы және сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш беру кезінде бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, маманмен мәлімделген сомадағы бюджеттік кредит түрінде берілсін.
3 3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді жүзеге асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).
5 5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
Г. Бахраева
Абай аудандық
мәслихатының
хатшысы
Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ:
"Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Муталяпова
23.12.2014г.