Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год

Қаулы · № 497 · қабылданған 23.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86030/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 497 ·23.12.2014
23.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 497 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
497
Қабылданған күні
23.12.2014
Көрсетілген редакция
23.12.2014 86030_13887.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NL005318
ЭКБ идентификаторы
86030
Редакция идентификаторы
86030_13887
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:25

0 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2 2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тулғаларды қосымша анықталған тізбесіне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Төлебаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Әкімдіктің

2014 жылғы «23» желтоқсандағы
№ 497 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына
жататын тулғалардың қосымша тізбесі

1 1. Ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемегендер.

2 2. Елу жастан асқан тұлғалар.

3 3. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген, тиісті жұмысы жоқ адамдар.

Қолданыстағы