Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год
Қолданыста
Қаулы
·№ 497
·
11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 497
- Қабылданған күні
- 23.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2014 86030_13887.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NL005318
- ЭКБ идентификаторы
- 86030
- Редакция идентификаторы
- 86030_13887
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:25
0 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тулғаларды қосымша анықталған тізбесіне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Төлебаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әкімдіктің
2014 жылғы «23» желтоқсандағы
№ 497 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына
жататын тулғалардың қосымша тізбесі