Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 12.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 AI86108_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CG004183
- ЭКБ идентификаторы
- 86108
- Редакция идентификаторы
- AI86108_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:04
0 2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Қобда ауданы әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған ер жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Қобда ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2 2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.
3 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсiн.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi
А.Жүсібалиев