О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Егиндыкольского района на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Егиндыкольского района на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5С 32-5
- Қабылданған күні
- 26.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2014 86143_12590.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BH004602
- ЭКБ идентификаторы
- 86143
- Редакция идентификаторы
- 86143_12590
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:15
0 2015 жылға арналған Егіндікөл
ауданының ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласының
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2015 жылға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштік мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі
А. Тайжанов