Об организации общественных работ в районе Шал акына Северо-Казахстанской области в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в районе Шал акына Северо-Казахстанской области в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 26.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2014 86177_1439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SN003062
- ЭКБ идентификаторы
- 86177
- Редакция идентификаторы
- 86177_1439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:14
0 2015 жылы
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданында
қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағыЗаңының 7-бабының 5)-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегішаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды бөлуді тәртіпке салу мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2 2. 2015 жылға арналған қаржыландыру көздері және қоса берілген қоғамдық жұмыс көлемі, түрлері, ұйымдар Тізбесі (бұдан әрі мәтін бойынша - Тізбе) бекітілсін.
3 3.«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жіберуді жүзеге асырсын.
4 4. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс анықталсын:
жұмыс орын қажеттілігіне өтінім бергендер санында - 167 адам;
жұмыс орын қажеттілігі бекітілгендер санында – 167 адам.
5
5. Қоғамдық қызметкерлердің жалақысы «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашасындағы Заңына сәйкес, ең төменгі жалақы көлемінде орнатылсын. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
6
6. Қоғамдық жұмыстардың шарттары екі демалыс күнмен (сенбі, жексенбі) ұзақтығы 5 күн жұмыс аптасы, сегіз сағаттық жұмыс күн, түскі үзіліс 1 сағат. Жұмыс беруші мен қызметкер арасында жасалатын еңбек шарттарына сүйене отырып, еңбек шартымен қарастырылған, жұмыс уақытының икемді нысаны қолданылады. Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жабық жылытылмайтын бөлмелерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу түсіру жұмыстарында жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс уақытына кіретін демалу және жылыну үшін арнайы үзіліс беріледі. Жұмыс беруші жұмысшылардың демалуы және жылынуы үшін бөлмені жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті»
Республикалық Мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын
ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі» филиалының
аға сот орындаушысы
_____________М.Байтеленов
2014 жыл «26» желтоксан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
әділет Департаменті Шал ақын атындағы ауданының
әділет басқарма басшысы
_____________Ж.Бегалинова
2014 жыл «26» желтоқсан