Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 29.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2015 86341_41635.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CM004168
- ЭКБ идентификаторы
- 86341
- Редакция идентификаторы
- 86341_41635
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:13
0 2015 жылы әскерге шақыру
учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргүізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Шалқар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2
2. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.