Құжат мәтініне өту

Об организации оплачиваемых общественных работ в 2015 году

Қаулы · № 16 · қабылданған 06.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86408/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об организации оплачиваемых общественных работ в 2015 году Қолданыста Қаулы ·№ 16 ·06.01.2015
06.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации оплачиваемых общественных работ в 2015 году

Қолданыста Қаулы ·№ 16 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации оплачиваемых общественных работ в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16
Қабылданған күні
06.01.2015
Көрсетілген редакция
06.01.2015 86408_6513.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NA005351
ЭКБ идентификаторы
86408
Редакция идентификаторы
86408_6513
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:06

0 2015 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2015 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысы жергілікті бюджет қаражатынан нақты жұмыс істеген уақыт үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының екі есе мөлшерінде белгіленсін.

3

3. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісінің негізінде жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарына, әлеуметтік салыққа, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне жұмсалатын шығындарын өтесін.

4 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру уәкiлеттi орган мен қаулыға қосымшада белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптар бойынша жүргізілсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж.Қалиевке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігінің «Ауыл
шаруашылығы дақылдарының сортын
сынау жөніндегі Қостанай облыстық
инспектурасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ Б. Досмухамедов
«Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қостанай облысы әділет
департаменті» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________________ Е. Абдрахманов
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының «Қостанай қалалық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
________________________ С. Шуменбаев
Қостанай облысының прокуроры
аға әділет кеңесшісі
________________________ М. Кайбжанов
«Помощь» қоғамдық қорының атқарушы
директоры
________________________ Ю. Калюжный
«Тазалық – 2012» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
____________________________ А. Кушнир

Қолданыстағы