Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области на 2015 год

Қаулы · № 420 · қабылданған 19.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86447/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 420 ·19.12.2014
19.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 420 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающих на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
420
Қабылданған күні
19.12.2014
Көрсетілген редакция
19.12.2014 86447_1566.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SD003087
ЭКБ идентификаторы
86447
Редакция идентификаторы
86447_1566
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:30

0 2015 жылға арналған Солтүстік

Қазақстан облысы Ақжар
ауданының аумағында тұратын
нысаналы топтарды анықтау
және нысаналы топтарға жататын
қосымша тұлғалар тізбесін
белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындығы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші–заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші–жеке түлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.

2 2. 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:

1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

2 2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;

3 3) он екі ай және одан артық уақыт жұмыс істемеген тұлғалар;

4 4) отбасында жұмыс істейтіндері жоқ тұлғалар;

5 5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз тұлғалар.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы