Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2015 год

Қаулы · № 703 · қабылданған 31.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86471/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 703 ·31.12.2014
04.09.2015 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 703 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
703
Қабылданған күні
31.12.2014
Көрсетілген редакция
04.09.2015 86471_24829.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SK003094
ЭКБ идентификаторы
86471
Редакция идентификаторы
86471_24829
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:07

0 2015 жылға мектепке дейінгі

тәрбиелеуге және оқытуға, жан
басына шаққан қаржыландыру
мен ата-аналардың төлемақы
мөлшеріне мемлекеттік білім беру
тапсырысын бекіту туралы
«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне қоса берілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 703 қаулысымен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
1
2
3
4
5
1
Тайынша ауданының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді республикалық бюджет трансферттері есебінен қаржыландырылады
475
16203,0
7100
2
Тайынша ауданының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді жергілікті бюджет трансферттері есебінен қаржыландырылады
1014
11459,8
7700

Қолданыстағы