Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қаулы · № 3 · қабылданған 09.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86498/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2015 году Қолданыста Қаулы ·№ 3 ·09.01.2015
09.01.2015 редакциясы
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қолданыста Қаулы ·№ 3 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
09.01.2015
Көрсетілген редакция
09.01.2015 86498_4277.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NK005357
ЭКБ идентификаторы
86498
Редакция идентификаторы
86498_4277
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:05

0 2015 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылы халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:

1) табысы аз адамдар;

2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7) мүгедектер;

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10) оралмандар;

11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;

15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;

17) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген лайықты жұмысы жоқ адамдар.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчинге жүктелсiн.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы