Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Астраханского района на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Астраханского района на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған Астрахан ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 15.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2015 86537_1755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BF004627
- ЭКБ идентификаторы
- 86537
- Редакция идентификаторы
- 86537_1755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:02
0 2015 жылға арналған
Астрахан ауданының
аумағында тұратын,
нысаналы топтарға жататын
тұлғалардың қосымша тізбесін
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 бабтарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (үш айдан артық);
жұмыссыздар есебінде тіркелген 50 жастан асқан тулғалар;
21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
маусымдық және уақытша жұмыс уақытының аяқталуына байланысты жұмыстан босатылғандар;
емдік курсын өткен, туберкулезбен ауыратындар;
атқарушы органның жолдамасы бойнша кәсіби оқуды аяқталған жұмыссыздар;
әлеуметтік-медициналық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.
2. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда 4033 нөмірімен тіркелген, «Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 65 және Астрахан аудандық «Маяк» баспасында 2014 жылғы 28 наурыздағы № 12 жарияланған қаулысы күшін жойды деп есептесін.