Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году

Өзге акт · № 1 · қабылданған 19.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86576/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·19.01.2015
05.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
19.01.2015
Көрсетілген редакция
05.01.2016 86576_48422.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CJ004196
ЭКБ идентификаторы
86576
Редакция идентификаторы
86576_48422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:00

0 2015 жылы әскерге шақыру

учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 «Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Темір ауданы әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейiнгi кезеңде «Ақтөбе облысы Темір ауданы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Темір ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.

2 2. «Ақтөбе облысы Темір ауданы қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiнехабарласын.

3 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Ізбасовқа жүктелсiн.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Темір ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
__________ С.Кусмамбетов
«___» «__________» 2015 жылы

Қолданыстағы