Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қаулы · № 6 · қабылданған 12.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86612/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в 2015 году Қолданыста Қаулы ·№ 6 ·12.01.2015
12.01.2015 редакциясы
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в 2015 году

Қолданыста Қаулы ·№ 6 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
12.01.2015
Көрсетілген редакция
12.01.2015 86612_10773.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NO005359
ЭКБ идентификаторы
86612
Редакция идентификаторы
86612_10773
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:04

0 2015 жылы халықтың нысаналы

топтарын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7- баптарына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын:

1) табысы аз адамдар;

2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7) мүгедектер;

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10) оралмандар;

11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12) жұмыс беруші- заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған

адамдар;

14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;

15) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі айдан көп);

16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;

17) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

18) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар.

2. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Ә. Ерқановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы