Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Урджарского района, на 2015 годКүшін жойған20.04.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of
replacing it: speech control matches what a person can read on the
button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same
way. #}
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
02015 жылға Үржар ауданының
аумағында туратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға Үржар ауданының аумағында тұратын халықтын келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15) жалпы белгіленген жасқа дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер;
16) бұрын зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеген және әлеуметтік төлемдер алушы болып табылатын тұлғалар;