Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Абайского района, на 2015 год

Қаулы · № 832 · қабылданған 19.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86666/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Абайского района, на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 832 ·19.01.2015
22.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Абайского района, на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 832 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Абайского района, на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға Абай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
832
Қабылданған күні
19.01.2015
Көрсетілген редакция
22.01.2016 86666_54915.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VE003669
ЭКБ идентификаторы
86666
Редакция идентификаторы
86666_54915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:01

0 2015 жылға Абай ауданының

аумағында тұратын халықтың
нысаналы топтарын анықтау
туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың түрлі топтарына мемлекеттік кепілдіктер және қолдау жүйесін кеңейту мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімін осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімі

Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы " 19 " қаңтардағы
№ 832 қаулысына қосымша
Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына
кіретін тұлғалар тізімі

1 1. Табысы аз адамдар;

2 2 .Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамкорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5 .Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7. Мүгедектер;

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10. Оралмандар;

11 11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14. Терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;

15 15. 50 жастан асқан әйелдер;

16 16. 55 жастан асқан ер адамдар;

17 17. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.

Қолданыстағы