Құжат мәтініне өту

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году

Қаулы · № 19 · қабылданған 23.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86679/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году Күшін жойған Қаулы ·№ 19 ·23.01.2015
01.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 19 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
23.01.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2016 AI86679_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UK003015
ЭКБ идентификаторы
86679
Редакция идентификаторы
AI86679_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:57

0 2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

3 3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.

4 4. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3 3) осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Турдалинге жүктелсін.

6 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі                                Б.Парманов
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
23 қаңтар 2015 жылғы
№ 19 қаулысына қосымша
2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с
Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың түр­ле­рі
Адам
са­ны
Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың кө­ле­мі
Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
1
Қа­ла, кент, ауыл және ауыл­дық округ­те­рі әкім­де­рі­нің ап­па­ра­ты
көр­кей­ту, кө­гал­дан­ды­ру, ай­мақ­тар­ды та­за­лау
566
7023815 шар­шы метр
аудан­дық бюд­жет
мұ­ра­ғат­қа тап­сы­ры­ла­тын құ­жат­тар­ды өң­деу, құ­жат­тар­ды кө­бей­ту және та­ра­ту
26
30000 да­на
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің «Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Са­рыа­ғаш қа­ла­сы­ның қор­ға­ныс іс­те­рі жө­нін­де­гі бі­рік­ті­рі­л­ген бө­лі­мі» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі қа­та­ры­на ша­қы­ру бой­ын­ша тұр­ғын­дар­мен жұ­мыс жүр­гі­зу, ша­қы­ру қа­ға­з­да­рын жет­кі­зу
8
26 ауыл­дық округ ау­ма­ғын­да
аудан­дық бюд­жет
3
«Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы іш­кі іс­тер Де­пар­та­мен­ті­нің Са­рыа­ғаш ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
жастар­дың ара­сын­да са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын на­си­хат­тау жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ара­сын­да құқық­ты бұ­зу­ды ал­дын алу («Сақ­шы» және «Тәр­тіп»)
150
Са­рыа­ғаш қа­ла­сы, Абай ауы­лы, Көк­те­рек кен­ті және Әлім­тау, Жы­л­ға, Дар­ба­за, Құр­ке­лес, Жар­ты тө­бе, Қа­блан­бек, Жі­бек жо­лы, Дер­бі­сек, Же­мі­сті, Қы­зы­л­жар, Ақ­жар, Те­гіс­шіл, Ақ­тө­бе, Ал­па­мыс ба­тыр, Бір­ле­су, Бір­лік, Бір­ті­лек, Бо­зай, Жам­был, Жү­зім­дік, Қош­қа­ра­та, Ошақ­ты, Ұш­қын ауыл­дық округ­те­рі­нің ау­ма­ғын­да
аудан­дық бюд­жет
Жал­пы
750
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы