Об организации общественных работ в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 23.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2015 86686_10633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NF005373
- ЭКБ идентификаторы
- 86686
- Редакция идентификаторы
- 86686_10633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:56
0 2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2015 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
3
3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
4 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Амангелдіауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 12 қаулысымен
бекітілген
2015 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымның атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс көлемдері, сағатпен
Жұмыстардың нақты жағдайлары
Еңбекақы төлеу
Қаржыландыру көзі
1
Амангелді ауданы әкімдігінің «Аман-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
1. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін жұмыстар:
Амангелді ауылындағы
1 1) әкімдік маңайындағы алаңды қардан және қоқыстан тазалау;
2 2) С.Мауленов, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, А.Дуйсенбин, М.Дулатов, Д.Божманов, М.Маметова, К.Қанжығалин, Н.Ахметбеков, Кейкі батыр көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу;
3 3) «Шұғыла» демалыс саябағында, А.Байтұрсынов, Б.Майлин көшелерінің бойында көктемгі ағаштар отырғызуға қатысу;
4 4) Әкімдік алаңында, А.Иманов атындағы мұражайжанында, Жастар саябағында, «Шұғыла» демалыс саябағында, А.Иманов ескерткішінің жанында гүлзарларға гүлдер отырғызу, оларды жаз бойы күту;
6000
650000
300
1395
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.
Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Амангелді аудандық бюджеті
5 5) С.Мауленов, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, А.Дүйсенбин, М.Дулатов, Д.Божманов, М.Маметова, К.Канжыгалин, Н.Ахметбеков, Кейкі батыр көшелерін жаз бойы күнделікті тазартып отыру;
6 6) Жастар саябағында, «Шұғыла» демалыс саябағында, отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу;
7 7) Амангелді–Торғай бағытындағы тас жолдың оң жақ бетінде жаңадан көшеттер отырғызу. Оларды баптап күту, суару.
8 8) Д.Божманов және А.Дүйсенбин көшелерінде отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу;
9 9) Ауылдың М.Маметова көшесіндегі иессіз тұрған екі қабатты үйдің бұзылған орнының жан-жағын тазарту қоқыстарын, материал қалдықтарын шығару оны қолмен тегістеу жұмыстарына көмектесу.
10 10) Ауылдағы екі қорымның сыртқы қоршауларын түгендеп дұрыстау, есіктерін жөндеу, жоқ жерлерге есік қою, тесіктерін мал кірмейтін етіп бекіту, кеткен жерлерін дәнекерлеу жұмыстарына көмектесу.
15000
280
9900
150
5100
2000
2. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Ақсай ауылының жұмыстары:
1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу.
3 3) Ұлы Отан Соғысы жылдары құрбан болғандарға арналған ескерткішті сырлау жұмысына және ауыл кітапханасының сырлау жұмысына көмектесу.
11000
50
115
3. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Үштоғай ауылының жұмыстары:
1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) орталық алаңды қардан, қоқыстан тазартуға көмектесу;
3 3) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу;
4 4) санитарлық тазарту жұмыстарын жасау.
12
35
525
92
4. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қарынсалды ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) ауыл ішіндегі орталық алаңды қардан қоқыстан тазартуға көмектесу.
3 3) ауыл ішіндегі мекемелердің маңайларына ағаш көшеттерін егу.
4800
440
50
5. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Амантоғай ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) көктемгі ағаштарды отырғызуға қатысу;
3 3) ауылдың тазалық жұмыстарына көмектесу.
20
35
15690
6. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қарасу ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) ауылдың орталық спорт алаңын қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу.
3 3) көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарына қатысу.
4 4) күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына қатысу.
120
1530
210
53
7. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Үрпек ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу;
3 3) ауылдық әкімшілік ғимаратын сырлау жұмыстарына көмектесу.
55000
34595
352
8. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Байғабыл ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу;
3 3) саябаққа отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу;
1200
2083
4500
9. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Тасты ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу;
3 3) күзгі ағаштарды отырғызуға қатысу.
1920
805
70
10. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Құмкешу ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу;
3 3) көктемгі ағаштарды отырғызуға қатысу.
1500
15000
250
11. Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қабырға ауылының жұмыстары:
1 1) ауылдың әлеуметтік-мәдени мекемелерінің аумақтарын үнемі қардан тазартуға көмектесу;
2 2) ауылдың орталық көшелерін қоқыстан көктемгі тазартуға көмектесу;
3 3) саябаққа отырғызылған ағаштарды жаз бойы күтуге, суаруға көмектесу;
50000
1103
3000