О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Щербактинского района в 2015 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Щербактинского района в 2015 году
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182/54
- Қабылданған күні
- 10.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2015 86740_74350.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PM004308
- ЭКБ идентификаторы
- 86740
- Редакция идентификаторы
- 86740_74350
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:43
0 2015 жылы Шарбақты ауданының
ауылдық елді мекендеріне жұмыс
істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7–бабы 3–тармағы 4) тармақшасына, 18–бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.
2 2. 2015 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына
тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бір мың бес жүз айлық
есептік көрсеткіш сомасынан жоғары емес бюджеттік кредит берілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық
мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.