Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зайсанского района, на 2015 год

Қаулы · № 716 · қабылданған 29.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86785/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зайсанского района, на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 716 ·29.12.2014
06.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зайсанского района, на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 716 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Зайсанского района, на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға Зайсан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
716
Қабылданған күні
29.12.2014
Көрсетілген редакция
06.09.2016 86785_145049.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VK003664
ЭКБ идентификаторы
86785
Редакция идентификаторы
86785_145049
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:14

0 2015 жылға Зайсан ауданы

халқының нысаналы топтарын
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. 2015 жылға Зайсан ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті,

көпбалалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен

асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткер-

лікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған

адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындары-

нан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын

бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші -

жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде

тұрған адамдар;

14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;

15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасты қоса жастағы жастар;

16 16) ұзақ уақыт (алты айдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

17 17) зейнеткерлік жасқа жетуіне дейін елу жастан асқан адамдар;

18 18) халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған жұмыссыздар;

19 19) жалғыз тұратын адамдар;

20 20) асырауында кәмелеттік жасқа толмаған екі және одан да көп балалары бар адамдар;

21 21) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер.

2

2. «Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Зайсан ауданының әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы