Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в Тимирязевском районе в 2015 году

Қаулы · № 5 · қабылданған 20.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86862/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об организации общественных работ в Тимирязевском районе в 2015 году Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·20.01.2015
20.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в Тимирязевском районе в 2015 году

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в Тимирязевском районе в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы Тимирязев ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
20.01.2015
Көрсетілген редакция
20.01.2015 86862_2743.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SL003110
ЭКБ идентификаторы
86862
Редакция идентификаторы
86862_2743
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:59

0 2015 жылы Тимирязев ауданында

қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

2 2. Қоса берілген 2015 жылға Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және қаржыландыру көздері бекітілсін.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жолдауды жүзеге асырсын.

4 4. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс және ұсыныс:

мәлімделген қажеттілігінің саны – 150 жұмыс орны;
бекітілген қажеттілігінің саны – 150 жұмыс орны мөлшерінде анықталсын.

5 5. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбекақысы «2015-2017 жылдарға республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінде аудандық бюджет қаражатынан төленсін.

6 6. Қоғамдық жұмыстардың шарттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген: жұмыс аптасы ұзақтығы бес күн екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі), сегіз сағаттық жұмыс күні, ұзақтығы бір сағат отыз минут түскі ас үзілісімен.

Еңбек жағдайларына қарай жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында жасалған еңбек шартында қарастырылған жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысаны қолдану мүмкін. Еңбектің өзге шарттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен реттеледі.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаменті Тимирязев ауданының
Әділет басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________________ А.С. Анбаев
2015 жылғы «___» қаңтар
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің Тимирязев
ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі»
филиалының бөлім басшысы - аға сот орындаушысы
___________________________ С.Г. Еременко
2015 жылғы «___» қаңтар
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________________ М.С. Борашев
2015 жылғы «___» қаңтар

Қолданыстағы