Құжат мәтініне өту

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году

Қаулы · № 75 · қабылданған 30.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-86958/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году Күшін жойған Қаулы ·№ 75 ·30.01.2015
01.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 75 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2015 году
Атауы (қаз.)
2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
30.01.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2016 AI86958_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UH003036
ЭКБ идентификаторы
86958
Редакция идентификаторы
AI86958_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:51

0 2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

3 3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.

4 4. «Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Осы қаулыны Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3 3) Осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.

6 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі                                С.Сапарбаев
Ордабасы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «30» қаңтардағы
№ 75 қаулысымен бекітілген
2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
Қ/с
Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс түр­ле­рі
Адам са­ны
Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың кө­ле­мі
Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
1
«Ор­даб­а­сы ауда­ны әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ағым­да­ғы құ­жат­тар­мен жұ­мыс жа­сау, мәт­ін­дер­ді ба­су және шы­ға­ру, хат­тар­ды жет­кі­зу
6
300 бет, 100 хат
Аудан­дық бюд­жет
2
«Ор­даб­а­сы аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Мұ­ра­ғат құ­жат­та­рын өн­де­у­ге кө­мек­те­су, құ­жат­тар­ды тi­гу
21
3500 іс
Аудан­дық бюд­жет
3
Ор­даб­а­сы ауда­ны әкім­ді­гі­нің «Те­мір­лан» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Кө­ше­лер­дi және аумақ­тар­ды қо­қы­стар­дан та­за­лау, ав­то­кө­лік­ке ар­ту
75
144000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
4
«Ор­даб­а­сы аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ел­ді ме­кен­дер­де қо­ғам­дық тәр­тіп­ті сақ­та­у­ға кө­мек­те­су
135
57 ел­ді ме­кен
Аудан­дық бюд­жет
5
«Қа­жы­мұ­хан ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ағым­да­ғы құ­жат­тар­мен жұ­мыс жа­сау, факс жі­бе­ру, мәт­ін­дер­ді ба­су және шы­ға­ру, хат­тар­ды жет­кі­зу
27
310 бет, 250 хат
Аудан­дық бюд­жет
6
«Ба­дам ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру,көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
45
40000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
7
«Қа­рас­пан ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
14 ел­ді ме­кен ай­мақ­та­рын кө­гал­дан­ды­ру, көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
45
40000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
8
«Төрт­көл ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру, көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
45
40000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
9
«Шұ­бар­су ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру, көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
45
40000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
10
«Бөр­жар ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру,көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
28
35000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
11
«Шұ­бар ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру, көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
28
35000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
12
«Қа­ра­құм ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру, көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
15
30000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
13
«Же­ңіс ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру, көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
15
30000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
14
«Бө­ген ауыл окру­гі әкі­мі ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Ауыл­дық ай­мақ­тар­ды кө­гал­дан­ды­ру, көрiк­тен­дi­ру, қо­қы­стар­дан та­зар­ту
15
30000 шар­шы метр
Аудан­дық бюд­жет
15
«Нұр Отан» пар­ти­я­сы» қо­ғам­дық бiр­ле­стi­гi­нің Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ор­даб­а­сы аудан­дық фи­ли­а­лы
Құ­жат­тар­ды дай­ын­да­у­ға кө­мек­те­су, аза­мат­тар­дан түс­кен арыз және үн­де­улер бой­ын­ша ку­рьер­лiк жұ­мыс жа­сау
5
300 іс, 200 хат
Аудан­дық бюд­жет
Бар­лы­ғы
550
Ескертпе: Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы